Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Ақтаудан Түркияға ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта қонды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтау-Ыстанбұл» рейсін орындаған ұшақ Ақтау әуежайына қайта қонды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтаудан Түркияға ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта қонды

Бортта болған бала өзін нашар сезінген. Кейін Әуе кемесінің командирі Ақтау әуежайына қайта оралу туралы шешім қабылдаған.

«Борт жергілікті уақытпен сағат 23.45-те Ақтау халықаралық әуежайына қонды. Ақтауға оралғаннан кейін жолаушыны дәрігерлер күтіп алды. Рейстің орындалуы барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін Ыстанбұлға бағыт алды»,-деді «SCAT» әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Виктория Старожилова