Елорда • 30 Қараша, 2020

Айбек Оралбай Қазақстан чемпионы титулын сақтап қалды

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық команда боксшысы Айбек Оралбай Қазақстан чемпионы титулын сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Айбек Оралбай Қазақстан чемпионы титулын сақтап қалды

Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында 91 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан елордалық спортшы Айбек Оралбай екінші рет чемпиондық титулын сақтап қалды. Ақтық сында ол Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Тоғамбай Сағындықпен жұдырықтасты.

"Айбек Оралбай өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеп алтын белбеу иеленді. Тоғамбай Сағындыққа жарыстың күміс жүлдесі бұйрығы. Ал 81 келіде сынға түскен Нұрбек Оралбай финалдық кездесуде маңғыстаулық Бекзат Нұрдаулетовке есе жіберді. Нұрбек те бұл чемпионатты күміспен қорытындылады. 60 келіде Ильяс Сүлейменов ел біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізді",- деп хабарлады елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының қыздары да жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.

"Құрама сапында сынға түскен Ляззат Күнгейбаева (+81), Хальзова Валентина (69 кг) , Волосенко Римма (60 кг) бірінші орынды иеленіп , алтыннан алқа тақса, Марат Арайлым (48 кг), Вольнова Марина (75 кг) екінші орынға табан тіреді. Ал өз кезегінде 57 келі салмақта сынға түскен Сания Сұлтанқызы үшінші орын иегері атанды", - делінген хабарламада.

Осылайша елорданың қыздар командасы ел чемпионатын 3 алтын 2 күміс, 1 қола жүлдемен қорытындылады.