Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Шымкентте республикалық "KITAP FEST" фестивалі өтуде

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте Тұңғыш Президент күніне орай кітап оқу, кітапқа деген құштарлықты насихаттауға арналған республикалық "Kitap Fest" кітап фестивалі өтуде. Іс-шараны Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Рухани жаңғыру" бөлімі ұйымдастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте республикалық  "KITAP FEST" фестивалі өтуде

Кітапты насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, балалардың, жастардың көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатындағы іс-шараның басты ерекшелігі - заман ағымы қаншалықты алға басса да кітап оқу дәстүрі артта қалмайтынын жеткізу. Қаладағы "Көрме" орталығында бір аптаға жалғасатын фестиваль барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының баспа үйлері, кітап дүкендері, кітапханалары оқырманмен ашық диалог құрып, пікірлесу алаңшасында кездесулер өткізбек.

Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жанар Бектаеваның айтуынша, фестивальге келуші әр оқырман баспа үйлерінен және дүкендерінен алған кітаптарының бірін арнайы ашылған «Балаларға базарлық» қайырымдылық бұрышына қалдыра алады. Онда жиналатын кітаптар фестиваль қорытындысында қаламыздың аз қамтылған және тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларының балаларына еріктілер көмегімен таратылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше