
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің дерегінше, 12 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Яғни 27 164 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Қазіргі таңда 5 елді мекенге газ беру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, биыл автомобиль жолдарын дамытуға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 45 жолға, яғни 89,9 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Облыстық маңызы бар «КХ-3- Көксәйек - Шаян - Аққала - Сарқырама» жолының 5 шақырымы жөндеуден өтті. Нысан 2021 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесін 52,7%-дан 59,4%-ға дейін арттыру көзделуде.