Елбасы • 30 Қараша, 2020

Еңбегі - ерен, есімі - ерек Елбасы

356 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жыл сайын елімізде 1 желтоқсан – Қазақстан республикасы Тұңғыш Президенті күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбегі - ерен, есімі - ерек Елбасы

Бұл – шынайы мереке. Өйткені Н.Назарбаев - тәуелсіздік алып, әлем елдері алдында өзінің жеке мемлекет ретінде мәртебесін айқындаған, көршілермен ұланғайыр шекараны белгілеп, нарықтық экономика легінде даму жолын таңдаған Қазақстанның алғашқы тізгінін қолына алған тұлға.  Тұңғыштың аты  - тұңғыш, алып одақтан бөлініп шыққан тәуелсіз елдің одан арғы тағдырына көпшілік, әсіресе кеңестік жүйенің көсемдері күдікпен қарады. Күні ертең-ақ өздігінен ел болып кетудің қиындығын сезініп, одақ қанатыны ңастына ақйтып оралады деген үміт  пен қызғаныштарын күйретіп, «одақтас» болған өзге елдермен бірге Қазақстан да керегесін кеңге жайып, уығын нықтап, шаңырағын шалқақ ұстады. Ішкі және сыртқы саясатта сарабдал жолын таңдап, бірнеше елдерде елшіліктер ашылды, атом қаруынан бас тартып әлем елдеріне бейбітшіліктің сара жолын ұсынды. Экономикалық әлеуетке баса назар аударылып, Қазақстанда бірнеше бағытта жаңа теміржол желілері мен автомобиль жолдары  салынып, бірнеше шет мемлекеттерге әуе рейстері ашылды. Сондай-ақ Ақтау қаласындағы теңіз порты жаңғыртылып, қарқын-қуаты арттырылды, заманауи құралдармен жабдықталып, жұмыс жүргізу жүйесі жаңа бағытта дамып келеді.

Халықтың әл-ауқатын арттыру Президент назарынан тыс қалған жоқ – зейнеткрелер тұрақты түрде зейнетақыларына қол жеткізіп, студенттер шәкіртақысын үзбей алып тұрды. Жастар бірнеше тіл меңгеріп, шетелдерде оқуға мүмкіндік алса, көп балалы аналарға да айрықша қамқорлық жасалды.

Құқыққорғау саласы Елбасы Н.Назарбаевтың қамқорлық-қолдауына ие болды. Өйткені, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – тұрғындардың қауіпсіз өмірінің кепілі. Тәртіп сақшылары баспанамен қамтамасыз етіліп, жалақы мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Біз бүгінде қандай игілікке қол жеткізіп, қандай кемел келешекті жоспарласақ, барлығының бастауында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кемеңгер басшылығы, болашаққа жол сілтеген саясаткерлік бастама-шешімі тұр. Бүгінде ел ағасы атанып, халқының ықыласына ие болған Елбасы әлі де өзінің ақыл-кеңесін, білім-білігін ел дамуына қосып келеді.  Кейбір көрші мемлекеттерде орын алып жатқан бей-берекетсіздіктерге қарап, өз еліміздегі ауызбірлікке, ең басты мүдде ретінде ел тыныштығын алдыңғы орынға қойған азаматтардың парасатына риза боласың.

Еліміз де, Елбасы да аман болып, Қазақстанның көк туы зеңгір көкте желбірей берсін.

Қанат ЖАРЫЛҒАПОВ,

Маңғыстау облысы ҚАЖД басшысының орынбасары,

әділет подполковнигі

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше