Барша Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 29 жыл бұрын Қазақстан халқы тарихи таңдауын жасап, еліміздің Тұңғыш Президентін сайлады. Бұл тәуелсіздік жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі болды деп айтуға толық негіз бар.

Осы жылдар ішінде Қазақстан ғасырға жүк болар ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Ата-бабалар аңсаған арман-мұраттар орындалып, егемен ел болып толық қалыптасты. Еңсесі тік, іргесі берік, нағыз тәуелсіз мемлекетке айналды. Мұның бәрі Елбасымыз, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында «Елбасы – еліміздің негізін қалаушы, елдігіміздің символы, тәуелсіз Қазақстанның төл тарихының бастауында тұрған тұғырлы тұлға!», деген еді.
Шын мәнінде, Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолға алған тұста Қазақстанның ішкі ахуалы өте күрделі болғанын бәріміз жақсы білеміз. Біздің сол кездегі жағдайымызды ескеріп, болашағымызға сенімсіздікпен қарағандар да аз болмады. Тұңғыш Президентіміз сол тығырықтан шығар жолды тауып қана қоймай, өзіне жүктелген тарихи миссияны артығымен орындады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрып, егемендіктің ең басты тұғырларын тас-түйін бекітіп берді.
Ең алдымен, шекарадай күрделі мәселе кемеңгерлікпен шешіліп, халықаралық құжаттармен біржола шегенделді. Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде «Жер тағдыры – ел тағдыры» деген еді. Шекара мәселесі түпкілікті шешілмесе мемлекеттің тәуелсіздігі баянсыз, болашағы бұлыңғыр болады. Оны бүгінде бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан Елбасымыз бұл істе дау-дамайға емес, салиқалы дипломатияға арқа сүйеді. Нәтижесінде бабаларымыздан аманат болған ұлан-байтақ жер мәңгілікке қазақтың басты байлығына айналды.
Тұңғыш Президентіміз мемлекеттік басқару институттарының заманауи үлгісін қалыптастырды. Ел дамуына тың серпін берген Ата Заңымыз – Конституциямыз қабылданды. Соған сәйкес билік тармақтары қалыптасып, қос палаталы кәсіби Парламент, Үкімет, тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Жергілікті әкімдіктердің жұмысы жолға қойылды. Сол арқылы мемлекеттік басқару институттары жүйеленіп, әрқайсысының мақсат-міндеттері нақтыланды. Егемендігіміз бен елдігіміздің берік қалқаны болған Қарулы Күштеріміз жасақталды.
Экономика саласында кешенді реформалар жасалып, экономикалық өсімнің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді. Елбасымыз бұл бағытта да аса маңызды және тарихи шешімдер қабылдады. Осылайша Тұңғыш Президентіміз бүкіл әлем мойындаған дамудың «Қазақстандық жолын» айқындап берді.
Елбасымыздың кемеңгер шешімдерінің бірі – астананы Арқа төсіне көшіру екені даусыз. Сол кездегі экономикалық қиындықтарға қарамастан қабылданған бұл шешім нағыз стратегиялық қадам болды. Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіру арқылы Қазақтың жаңа замандағы ұлы көшін бастап берді.
Расымен, елорданың өсіп-өркендеуі тұтас Қазақстанның дамуына даңғыл жол ашты. Отанымыздың абыройын асқақтатып, беделін өсірді, бүкіл қазақстандықтарды жаңа мақсат-мұраттарға жетеледі. Бүгінде елордамыз Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттік дамудың нағыз темірқазығына айналды. Жаңа астананы Тұңғыш Президентіміздің табандылығы мен батылдығының жарқын көрінісі деуге әбден болады.
«Тарихты тарлан тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Елбасының елдік мүдде жолында қабылдаған әр шешімі ұлт тарихының жаңа тарауы болып жазылатыны анық. Солардың ішінде Түркістан облысын құрып, Түркістан шаһарына жаңа мәртебе беру туралы шешімнің маңызы зор.
Түркістан – қазақ үшін ежелден құт дарып, кие қонған қастерлі мекен және ұлттық рухтың өзегі. Ел дамуының жаңа кезеңінде оның қайта түлеуі тұтас Қазақстанның өркендеуіне тың серпін берері анық. Қазірдің өзінде оның нәтижесін көріп те, сезініп те отырмыз.
Түркістанды түлету – өткеннен өнеге ала отырып, кемел келешекке ұмтылудың озық үлгісі. Осы жолдағы «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары да айрықша мәнге ие. Тарихтан тағылым алу кейін шегіну емес, ол – ұлттық кодты сақтаудың жарқын көрінісі. Расында ұлттық кодсыз мемлекет болмайды. Сол себепті бұл салада Елбасы ұлттық тұтастықтың кепілі ретінде батыл шешімдер қабылдаудан қаймыққан жоқ.
Нұрсұлтан Әбішұлының жасампаздық пен жаңашылдықты тоғыстарған осындай стратегиялық қадамдарын сыртқы саясатымыздан да байқауға болады. Әсіресе Елбасының жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал еткен бастамаларын ерекше атап өткен жөн. Тұңғыш Президентіміздің саясаты мен бастамалары күш пен қаруға емес, керісінше, парасат пен пайымға, диалог пен сенімге арқа сүйеді. Өркениетаралық және дінаралық келісімге басымдық берді. Сол арқылы әлемді алаңдатқан мәселелерді шешуге өз үлесін қосты.
Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде Қазақстан бүкіл әлемге экономикасы қуатты, ынтымағы жарасқан, жауапкершілігі жоғары ел ретінде танылды.
Тұңғыш Президентіміз салған осы сара жолдан айнымай, тәуелсіз елімізді мәңгілік ету, сабақтастықты сақтау – бәріміздің абыройлы міндетіміз.
Мереке құтты болсын!
Мажарстанның мерейі үстем болды
Спорт • Кеше
2020 жылы қанша кәсіпорын жабылып қалды?
Қазақстан • Кеше
Футбол • Кеше
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Кеше
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Кеше
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Кеше
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Кеше
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Кеше
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Кеше
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Кеше
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Кеше
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Кеше
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Кеше
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Кеше
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Кеше
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Кеше
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Кеше
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Кеше
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Кеше
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Кеше
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Кеше
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Кеше
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Кеше
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Кеше
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Кеше
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Кеше
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Кеше
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Кеше
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Кеше
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Кеше
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Кеше
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Кеше
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар