Алматы облысында немересіне ара түскен әже өз күйеу баласының қолынан қаза болды. Бұл туралы Total.kz хабарлады.
Оқиға Қарасай ауданындағы Үштерек ауылында болған. Күдікті мен оның өгей қызының арасында жанжал туындап,ер азамат қыз балаға жұдырық ала жүгіреді. Бұған шыдамаған 71 жастағы ана немересін қорғамақшы болып, күйеу баласының алдын кес-кестейді. Ананың айтқанына көнбеген азамат қарт кісіні соққыға жығып, талдырып түсіреді. Сол күйі есін жимастан көз жұмды.
Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Total.kz