Құттықтау сөзінен кейін аудан басшысы өңірдің саяси-әлеуметтік, мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматты "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерекелік медалімен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында аймақтық "Тұран Қазалы" газеті бас редакторының орынбасары Раушанбек Сейтенов, Қазалы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Сәндібай Жансұлтан, жеке кәсіпкер Төребек Игіліков бар.
Ал Қазалы ауданының құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Берік Бисембаев ҚР "Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің "Құрметті ардагері" медаліне ие болды. Сондай-ақ салтанатты шарада өз саласында жемісті еңбек етіп жүрген мамандарға облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында 2 жас мемлекеттік қызметші ант қабылдады. Халыққа адал және кәсіби қызмет көрсетуге ант берген мемлекеттік қызметкердің қатарында Көларық және Қызылқұм ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары Қанат Арыстанбек пен Мақсат Ізімқұл бар.