Бүгін, 1 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген шара аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің ауласы мен Неке сарайы алдындағы скверге 200 түп ағаш отырғызылды. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады.
«Ауданда 2 мектеп, 1 балалар бақшасы және көптеген тұрғын үйлер бар. Енді балаларға да, ересектерге де мұндай сұлулықты көру жақсы әсер ететін болады, - деді Орал қаласының әкімі Алтай Күлгінов. – Біз бүгін Назарбаев зияткерлік мектебі жанына - 170, ал Неке сарайы аумағына 30 түп шырша отырғызамыз».
Бұл жұмыстарды әкімдер ұйымшылдықпен атқара білді. Сондай-ақ,оларға қаланың коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері көмекке келіп, еңбек көрігін қыздырып жіберді.
«Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында әлеуметтік маңызы бар көптеген нысандар ашылып, қатарға қосылды, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Бүгін біз 200 ағаш отырғыздық. Енді осы бастама жақсы дәстүрге айналады деген үміттеміз».
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «Мой город»