Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020

Солтүстік Қазақстанда кірпіш зауыты салынып жатыр

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстанда кірпіш зауыты салынып жатыр. Бұл жайында әлеуметтік желілердегі парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстік Қазақстанда кірпіш зауыты салынып жатыр

"Келесі жылы өңірде солтүстікқазақстандық кірпіш үй құрылысында қолданылатын болады. Жергілікті инвестор Подгорное ауылында жаңа кірпіш зауытын салуда. Жоба құны 1,5 млрд теңге. Қондырғылар жеткізілді. Жаңа зауытта 60 солтүстікқазақстандық жұмысқа орналаспақ", деп жазды өңір басшысы.

Облыста 2021 жылы тұрғын үй құрылысына 67 миллион дана кірпіш қажет болады. Салынып жатқан кірпіш зауытының жылдық қуаты 27 миллион дана. Біздің зауыт өңірдегі кірпішке деген сұраныстың 40% жабады.

"Қазір құрылысшылар кірпішті басқа аймақтардан сатып алуға және жеткізуге мәжбүр. Біздің кірпіш құрылыс компанияларына арзанға түспек. Бұл жаңа баспананың бағасына оң әсерін тигізеді. Біздің өңір коммерциялық үй салу үшін инвесторларға тартымды болады", деп қорытындылады облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар

Уақытты дәл өлшейтін аспап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:43

28 сағатта салынған үй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:42

Ең жіңішке көлік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Тостаған

Тарих • Бүгін, 09:38

Ақтауды асқақтатқан аламан

Айтыс • Бүгін, 09:36