Украина милициясы 30 қараша күні түнде Киевтегі тәуелсіздік алаңында митингіге шыққандар үстінен 12 қылмыстық іс қозғап үлгерді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Бес өндіріс бұзақылыққа қатысты, үшеуі – қарсылық көрсеткендерге, екеуі – зорлық жасағандарға біреуі қоғамдық орынды немесе қару-жарақты басып алуға қатысты баптар бойынша қозғалды. Жалпы, милиция денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төнгеннен кейін арнайы құрал қолдануға мәжбүр болды», - дейді Украина Ішкі істер министрлігі бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы Валерий Коряк. Ол сөз орайында бұл істердің тергеуге жіберілгенін мәлім етті.
Украина Ішкі істер министрлігі Майдан тәуелсіздік алаңында болған оқиғаларды зерттейтін жұмыс тобын құрды. Ол сонымен бірге қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланған милиция қызметкерлерін де тексеретін болады.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: ИТАР-ТАСС