01 Желтоқсан, 2013

Түркияда Тұңғыш Президент күні атап өтілді

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

01 12-TyrsҚазақстанның Түркиядағы елшілігі үйінде Тұңғыш Президент күні кең көлемде атап өтілді. Бұл туралы Total.kz хабарлады.

Шараның шеңберінде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев Хатай провинциясына іссапармен барды. Сапар кезінде провинция губернаторы Қадим Доғанмен, Антакия қаласының мэрі Лютфу Савашпен, Мұстафа Кемал атындағы университеттің ректоры, профессор Хусню Салих Гюлермен, бизнес өкілдерімен және мәдениет қайраткерлерімен кездесіп, бірқатар өндірістік нысандарды аралады.

Осы күні Қазақстанның тұңғыш Президенті және республиканың тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы фотокөрмелер ұйымдастырылды.

Хатай провинциясының басшылығы Қазақстан мен оның Президентінің қол жеткізген жетістіктерін атап өтіп, жоғары бағасын берді.

Данияр Түймебай.

Дереккөз: Total.kz

Соңғы жаңалықтар

Қала көркіне айналмақ эко-парк

Экология • Бүгін, 13:23