Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020

Маңғыстау полицейлері Тұңғыш Президенті күніне орай марапатталды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстау полицейлері Тұңғыш Президенті күніне орай марапатталды

Атаулы шара барысында Департамент басшысы Жанарбек Бақтыбаев жеке құрамды мерекемен құттықтап, Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған және қызмет атқару барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген 13 полиция қызметкерлеріне төсбелгілер, медальдар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар сияқты марапаттарды салтанатты түрде табыстап, ведомство басшылығының атынан қаржылай сыйақылар берді.

"Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. Елбасының біліктілігі мен көрегіндігінің және оның сындарлы саясатының арқасында біз бүгінгі күнге жеттік. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие. Бұл күн біз үшін айтулы мереке", деп атап өтті генерал-майор Ж.Бақтыбаев.