Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

СҚО-да алты елікті атқан қаражүректер қолға түсті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орман шауашылығы және жануарлар әлемінің Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы жануарлар әлемі және аң аулау шаруашылығының бөлім басшысы Олег Беспалов 28 қараша күні Желяково ауылы маңынан өтіп бара жатып, жолдың жиегінде жатқан екі еліктің етін байқайды.

СҚО-да алты елікті атқан қаражүректер қолға түсті

Машинасын жасырып, аңшыларды күтіп алмақ болып, учаскелік полиция инспекторына қоңырау соғады. Ол дабыл көтеріп, жақын маңда рейдте жүрген Қызылжар ауданының ПБ қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетеді. Көп кешікпей еліктерді атқандар УАЗ автомобилімен келе қалады. Олар бес адам екен. Жүксалғышында тағы үш сібір елігінің еті бөлшектеп салыныпты. Браконьерлерден барлығы 3 мылтық, 16 оқ-дәрі, 2 пышақ алынды.

«Жедел-тергеу тобының жұмысы барысында бөлшектенбеген тағы бір жануардың еті мен мылтық алынды. Автомобиль арнайы тұраққа қойылды. Аталған факті Қылмыстық кодексінің «Заңсыз аң аулау» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы қабылданды», - деп нақтылады аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Әлихан Байқадамов.

Сөйтіп табиғаттың сұлу аңы елікті құртпақ болып арнайы шыққан қаражүректер қолға түсті. 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше