Білім • 02 Желтоқсан, 2020

Ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы жақсарады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық отырысында елімізде биотехнология ғылымын дамытуда қандай мәселелерге назар аударылуы керектігін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы жақсарады

"Биотехнология бағыты фармацевтикалық кешен болсын, фундаменталды ғылым болсын өте маңызды болып тұр. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін Мемлекет басшысы үлкен міндеттерді Үкіметке жүктеді. Тиісті министрлік бұл жұмысты жүргізуде. Біздің тараптан ғылыми сүйемелдеу қажет. Көп мәселені тәжірибені енгізу керек. Коммерцияландыру бойынша да әлі де көп жұмыс атқарылуы керектігі көрініп отыр. "Мұның алдында материалдық-техникалық база жоқ, ештеңе жоқ" деген сыңайдағы мәселе болатын. Қазір Мемлекет басшысының қолдауының арқасында биыл және келесі жылы ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін миллиардтаған ақша бөлінеді", деді Асхат Аймағамбетов.

Министр яғни, бұл мақсатта институттарға қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды алуға мүмкіндік болатынын айтады.

"Әрине тағылымдамадан өткізу бойынша да жақсы мүмкіндік пайда болды. Ғылыми қызметкерлерді тағылымдамаға жіберіп, басқа да мемлекеттердің зертханаларында жұмыс істеу мүмкіндігі жолға қойылып отыр. ЖОО-лармен жұмыс істеу өте маңызды. Бірге кадрларды даярлау керек. Өте мықты ғалымдар бар. Сол ғалымдар білімін таратып, университеттерде дәріс беру – барлық институттардың маңызды бағыты болуы керек деп санаймын. Сондықтан осы жұмысты қолға алу керек", деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025