Профессор медицина мамандары жасаған зерттеулер қортындысын бағамдап осындай қортынды жасаған. Оған коронавирустың жеңіл және ауыр емес түрінен жазылып шықты деген пациенттердің ішкі органдарын тексерген уақытта оларда 60 –тан асқан адамдар бойында кездесетін қартаю белгілерін көру себеп болған.
«Тіпті жеңіл ауырғандардың 70 пайызының ішкі органдарына өзгеріс енген. Оның ішінде майлы гепатоз (бауыр) мен ұйқы безі тіні майлы дегенерацияға ұшыраған. Әдетте мұндай диагноз 60 жастан асқан адамдарға қойылады, ал мұнда 40 жастағы пациенттердегі өгерістер осындай», дейді. Соған қарағанда вирус ағзаның ресурстарын күнілгері жалмап, кәрілікті жақындататын тәрізді.