ҚАЖД қызметкерлері Елбасы еңбегіне қатысты материалдардан кітап және сурет көрмелерін ұйымдастырды, сондай-ақ көрмеге әр жылдары Елбасы туралы жарық көрген бірқатар кітаптар мен мақалалар топтастырылды.
Көрмені ұйымдастырушылар ҚАЖД қызметкрелеріне Елбасы Н.Назарбаевты ңөмірі, ел тәуелсіздігін нығайту жолындағы еңбегі туралы баяндады.
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі – ұрпаққа Отанды сүюге, мемлекетті сыйлауға үйретіп қоймай, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап күні кешеге дейін ел тізгінін қолына алып, тәуелсіз елді дамытуға еселі еңбек сіңірген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, оның еселі еңбегі мен есімін қастерлеуге шақыратын маңызды мереке. Жыл сайын желтоқсан айының алғашқы күнінде бүкіл ел болып атап өтетін айтулы күн биыл да елеусіз қалған жоқ. Біздің ұжымда ұйымдастырылған көрме қызметкерлердің ризашылығына ие болды, дейді ГМ-172/10 мекемесі КСБ инспекторы әділет лейтенанты Нәбира Бисекова.
Маңғыстау облысы