Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2020

Әзербайжан Конституциялық сотының басшылығы марапатталды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан Конституциялық сотының басшылығы Қазақстанның жоғары наградаларымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әзербайжан Конституциялық сотының басшылығы марапатталды

Баку, 2020 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Фархад Абдуллаевқа II дәрежелі "Достық" орденін, сондай-ақ аппарат басшысы Рауф Кулиевке "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалін табыс етті. Наградалар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен конституционализмнің идеялары мен қағидаттарын дамытуға, екі елдің бейінді органдары мен халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

Отандық дипломат Әзербайжан Республикасы Конституциялық сотының басшылығы мен ұжымына бауырлас мемлекеттер мен халықтардың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесімен көпжылдық өзара іс-қимылы мен жемісті серіктестігі үшін алғысын білдірді.