Жас ананың айтуынша, дәрігерлер сәбидің жүрегінде ақау барын дер кезінде анықтамаған. Нәтижесінде, сәби үш айдан кейін қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 жастағы Нұрсұлу Мусинаның алғашқы жүктілігі 9 ай бойы қалыпты өткен. Сәбиін 21 мамырда қаладағы Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында туған. Бірақ жаңа туған баласының денсаулығында кінәрәт барын сол кезде-ақ сезіпті.
"Баланың дем алғаны да бір түрлі болды. Демікпе. Мен оның дұрыс емес екенін байқадым. Сол кезде перзентханада дәрігерден сұрадым. Неге менің балам бұлай демалады, қараңызшы дұрыс емес сияқты" деп дегенмен ол "жоқ жаңа туған баланың бәрі осылай демалады деп жауап берді", дейді Нұрсұлу Мусина.
Дәрігерлер нәресте мен жас ананы бес күннен кейін үйіне шығарған. Бірақ бала күн өткен сайын салмақ қосу орнына керісінше әлсірей беріпті. Жеке клиниканың біріне тексерткенде, "туа біткен жүрек ауруымен туған" деген диагноз қойған. Сөйтіп сәби отаға дейін көз жұмған.
"Бірінші қыркүйекке қараған түні баламның жүрегі тоқтады. Мен соған таңғаламын, қазір неше түрлі құрал, узи бар. Қалай оны көре алмады?", дейді Нұрсұлу Мусина.
Басқарма басшылары телеарна сауалына жазбаша қысқа жауап жолдаған. Құжатта сәбидің жүрегіндегі туа біткен ақауды уақытында көру мүмкін болмағаны айтылған. Ал себебін түсіндірмеген.
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар