Қырғызстан – бізге бауырлас, ағайын ел, сондықтан біз бұл елдегі күрделі жағдайды, оның даму барысын ерекше күйзеліспен бақылаудамыз. Алайда, Қазақстанның араағайындық әрекеті Қырғызстанды азамат соғысынан аман алып қалды.
Қазақстанның бітімгершілік әрекеті еліміздің Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қалыптасқан жағдайға тікелей араласуының арқасында нәтижелі болды. Біздің Президентіміздің халықаралық жоғары беделінің және азаматтық ерлігінің арқасында бүгін Қырғызстандағы саяси дағдарыс шешімін тапты. Бұл Елбасымыздың Қырғызстандағы ішкі саяси жағдайдың одан бетер ушығуының алдын алуға қосқан үлесі ғана емес, сондай-ақ оның тұтас бір аймақтағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға бағытталған тұрақты да жүйелі қызметінің айқын көрінісі.
Сонымен қатар, Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыруда Қазақстанның қосқан маңызды үлесі біздің еліміздің ЕҚЫҰ төрағасы тұғырында атқарған тиімді қызметінің айғағы болып табылады.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орынбасары.