Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген “пәтер ұрыларының” тобы ұсталды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген “пәтер ұрыларының” тобы залалсыздандырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда Шығыс Қазақстаннан келген “пәтер ұрыларының” тобы ұсталды

Оларды қолға түсіру үшін арнайы іс-шара кеше кешке Алматы қаласының Медеу ауданында жүргізілді.  Бес күдіктіні арнайы жасақтың сарбаздары “Горный Гигант” шағын ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан пәтерден  шығып бара жатқан кезінде  ұстады.  

– Бұл топқа Шығыс Қазақстан облысының бес тұрғыны кіреді, олардың барлығының соттылығы болған, оның ішінде мүліктік қылмыстары үшін. Тұтқындаудан біраз уақыт бұрын, қаскөйлер үй мүшелерінің жоқтығын пайдаланып, алматылықтардың пәтерін тонап, сол жерден ақша салынған сейфті, алтын заттар, киюге болатын киімдер мен екі ноутбукты ұрлап кеткен. Олар ұсталды, заттай айғақтар тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аталған факті бойынша іс жүргізуді Медеу аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі аумақтық құрамы бойынша жүргізуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикердің айтуынша, тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың Медеу ауданындағы үш бірдей эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды.  “Пәтер ұрыларының” қылмыстық іс-әрекеті шаһардың басқа аудандарын да қамтуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды.  Осыған байланысты олардың жеке басы мүлік ұрлаудың басқа фактілеріне қатыстылығы тексеріледі.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше