Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Үсенхан Әубәкіровпен кездесті. Кездесуде өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімдікті және сапалы байланысты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Қазір облыстағы 230 ауылдық елді мекеннің 170-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өңірде 73 елді мекеннің мемлекеттік органдары талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіліп, оның 14-не «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізді. Бүгінде жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешімін таппаған 39 елді мекенді және шалғай орналасқан 14 елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруыңызды ұсынамыз – деді облыс әкімі.
Өткен жылдың наурыз айында Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен "Қазақтелеком" АҚ Оңтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы арасында "Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу" туралы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған. Бүгінде шарта көрсетілген құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 69,7 шақырым талшықты-оптикалық желі жүргізіліп, аймақтағы мемлекеттік органдардың 77 объектісі интернет желісіне қосылды.
Облыс бойынша білім беру және денсаулық сақтау нысандары интернетке толық қосылған. Қазіргі уақытта бюджеттік ұйымдарды емес, халықты (мектеп жасындағы балалар, студенттер және т.б.) сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Сондай-ақ, білім беру саласында "Қауіпсіз мектеп" жобасы бойынша орта білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету жобасы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 70 мектепке бейнебақылау камераларын орнатуға 250 млн теңге бөлінді. Осыған орай мемлекеттік сатып алудың ашық конкурстары өткізіліп, камераларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Үсенхан Әубәкіров Smart City жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды баяндады. Замануи LoRaWAN технологиясын қолдану, интерактивті есептеу аспаптарын орнату, ақылды жарықтандыру, ақылды тұрақтар сынды коммерциялық ұсыныстар зерделеніп жатқандығын жеткізді.
Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті
Қоғам • Бүгін, 16:51
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • Бүгін, 14:38
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • Бүгін, 14:21
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Бүгін, 13:52
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Бүгін, 13:38
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар