Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Солтүстік Қазақстанда қар үстіне асфальт төселген

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қар үстіне асфальт төселгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстік Қазақстанда қар үстіне асфальт төселген

Биыл 27 қарашада қоғамдық бақылау аясында облыстың арнайы бақылау тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері облыстық жолдардың үш учаскесін қарап шықты.

"Бақылау тобы кепілдік міндеттемелер аясында мердігерлер жоятын кейбір кемшіліктерді қоспағанда, көрсетілген учаскелерде елеулі ережебұзушылықтарды анықтаған жоқ. Барлық қабылданған учаскеде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ЖШС өкілдері мердігерлердің ескертулерді жою бойынша жұмысын бақылайды. Айыртау ауданы Каменый Брод ауылының маңындағы жол учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт төсеу дерегіне қатысты осы учаскедегі барлық жұмыс толық көлемде және құрылыс нормаларын сақтай отырып, оң температуралық режимде шартта белгіленген мерзімде орындалғанын түсіндіру қажет", делінген басқарма хабарламасында.