Оқиға • 04 Желтоқсан, 2020

Полицей көлігін көргенде балаша қуандым

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстіктің қытымыр қысында далада тұрып қалған Орал қаласынан жүкпен келген «Volvo» фурасының жүргізушісі 47 жастағы Салауат (тегі көрсетілмеген) СҚО полициясына алғыс айтып, қоңырау шалғанда осылай деген. "Жезқазған-Петропавл" автожолының Николаевка ауылына жақын маңда бензин насосы істен шығып тұрып қалған оған ППБ қызметкерлері Қуандық Тоқбаев пен Бахтияр Алпыспаев қана көмек берген, деп хабарлайды Egemen.kz

Полицей көлігін көргенде балаша қуандым

"Олардың жақын жерде болғаны жақсы болды. Түнде жолда тұру қауіпті, машина үлкен, ешнәрсеге сенімді бола алмайсыз, ал олардың «жыпылықтаған шамдарымен" өзіңе сенімді боласың", дейді Салауат. Полициялардың көмегімен түнгі 2-лер шамасында ғана оның көлігі от алған.

Ал келесі ауысымға келген Мейрам Қазиев пен Нарасан Әміржановтың экипажы жарқылдауық маягін қосып, фураны Николаевка аулына дейін жеткізген. Онда жүргізушіге жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдай жасалған.

"27 жылдан бері көлік жүргізгенде полицей көлігін көргенде алғаш рет балаша қуандым", дейді Салауат.