Департаменттің әскери және азаматтық қызметкерлері ақысыз негізде қан тапсырды. Олар қан тапсырмас бұрын денсаулықтары әбден тексеріліп, дәрігермен кеңесті.
"Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлеріне донорлық күнді ұйымдастырғандары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Мейірімді жүректеріңіз бен қайырымдылықтарыңыз үшін рақмет", деп жылы лебізін білдірді Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы полковник Қайырбек Қайырқанов.
Бүгін 40-тан астам әскери қызметші ақысыз донорлар қатарына қосылып, қан компоненттерінің қорын 20 литрге толықтырды.