"Елбасы Жарлығымен Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан астам уақыт өтті. Бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндік ашты. Осы жылдар аралығында шаһарға 1 трлн теңге инвестиция тартылды. Қала бюджеті 131,2 млрд теңгеден 455,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды, деді М.Әйтенов.
Сондай-ақ белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71 пайыздан 88 пайызға артқан.