Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Шымкентте "Халық қатысатын бюджет" жобасы енгізілді

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылған. Қалада 165 мемлекеттік қызмет көрсетілетін болса, соның 88 пайызын электронды түрде алуға болады. Осы жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 95 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Президенттің Жолдауын іске асыру барысы туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте "Халық қатысатын бюджет" жобасы енгізілді

"Бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету үшін келер жылдан бастап қаладағы 4 аудан әкімдігі тарапынан «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілді. Қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі жасалған", - деді М.Әйтенов.

Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 200 үлкен көшенің бойында және 120 көше қиылысына «Сергек» камераларын орнату жоспарланып отырғанын жеткізді.