Солтүстік Қазақстанның экономикалық жетістіктері туралы жазғанбыз. Жақын күндердің бірінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов астанадағы ОКҚ –да журналистерге брифинг беріп, экономикалық дамудағы табыстар туралы өз аузымен толықтырып айтатын болады. Ал біздің бүгінгі айтпағымыз өңірдегі мәдени саладағы жетістіктер. Жаман індеттің өршуіне қарамай облыстағы мәдени табыстар да айтарлықтай болып отыр. Бұл салада да перспективалы жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылжар тарихи қала. Мұнда тарихи, мәдени ескерткіштер көп. Соның көшбасшысы Абылай ханның ақ үйі. Қазақ халқының ұлы ханына арналып салынған осындай ғимарат еліміздің басқа ешбір түкпірінде жоқ. Облыста биыл карантиннің көп уақыт болғанына қарамай оған 3 мыңдай адам келіп, тамашалаған. Ал онлайн режімде музейді және онда болған шараларды көрген адамдар саны 30 мыңға жуық. Жаман індеттің кесірінен 2020 жылғы жоспарланған біршама ауқымды шараларды шегеруге тура келген. Соның өзінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ордасы болған мекен Абылайдың» атты көрмені Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына ұсынған. Сонымен қатар қазан айында 5-ші облыстық экскурсиялар байқауы сәтті өткен. «Жалпы, жоспар бойынша 11 айдың көлемінде 114 онлайн шаралар өтті. Келесі 2021 жылға Ақмола облысы тарихи-өлкетану музейіннен «Өркениетті қазына», Семей қаласыннан «Абайдың асыл мұрасы», Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды «Жидебай-Бөрілі» Абай музей-қорығының көрмелері жоспарланған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында "Syrly oiúlar" көрмесі жарық көріп, 2021 жылға Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына арналған «Aģash tamyrymen, adam dosymen myqty» атты көрме жоспарланып отыр», дейді музейдің директоры Аян Садаев. Тек осындай айрықша музейдің маңызын облыс көлемінде ғана қалдырмай, оған республикалық музей мәртебесін беру мәселесі шешілсе – нұр үстіне нұр болар еді.
Жалпы, көрермендерді тарту мақсатымен 2018 жылдан бері Солтүстік Қазақстан музейлеріне кіру тегін. Соның арқасында облыс музейлеріне келетін адамдар саны 2019 жылы 20 пайызға артып, 172 мың адамға жетті.
Әлемдегі тамаша музейлер келушілерге тарихи таным мен білім ғана емес, мәдени-демалыс қызметін де көрсететінін ескеріп, СҚО басшылары да музейлердің ішінен демалыс орындарын ұйымдастыруды қолға алып отыр. Айта кету керек, ондайларды біз де өз көзімізбен көргенбіз. Вашингтондағы ІІ Дүниежүзілік соғыс тарихының музейінің ішін аралап жүріп, тынығатын, шәй ішіп сергитін орындардың да жарақталғанын көріп, риза болған едік. Енді біздің басшылар да сондайды ескеріпті.
Қызылжардың ең орталық, тарихи көшесінде төңкеріске дейін татар көпесі Ганшиндердің дүкені болған әсем ғимаратқа орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сондай қызмет көрсетулер қолға алынбақшы. Аумағы 2400 шаршы метрді алатын бұл музейде 350 мыңнан артық экспонаттар бар. Оларды қызықтап келушілер өзіміздің елден ғана емес көршілес Ресей Федерациясынан да жетіп артылады. Туристердің тартымдылығын арттыру үшін осы музейдің ауласында «Қызылжар арт орталық» атты қызықты жоба іске асырылып жатыр. Оның мәнісі - осы жерде шығыстық, еуропалық асүйлерінің тағамдарын дайындайтын арт-кафе ашылмақшы. Оның жұмысы күні бүгінге дейін созылып, әлі де жүріп жатыр. Арт-кафе туристерге тартымды болар деген үміт бар. Осы жерде түрлі музыкалық шығармалар да орындалып, туристердің көңілін көтеру жоспарланған. Сонымен бірге осы жер түрлі шығармашылық адамдары – жазушылар, ақындар, әртістер, суретшілер бас қосатын орталық болар деген болжам бар.
Сонымен қатар осы жердегі алаңда көрме-галлерея да ұйымдастырылмақшы. Онда қолөнершілердің тамаша бұйымдары, суретшілердің картиналары, ақын-жазушылардың кітаптары қойылатын болады. Айта кететін жайт, бүгінгі таңда облыста ағаш пен темірден түрлі бұйымдар жасайтын 120 қолөнер шебері бар.
Қызылжардың Потанин көшесі қалаға Солтүстіктен енетін жолда. Осы көшемен Ойқаладан көтерілген жолаушы Абылайдың ақ үйінің қасымен өтіп, қалаға кіреді. Осы Потанин көшесін ашық аспан астындағы музей қылу жоспары да бар. Мұндағы кейбір ескі үйлер жаңаланып, тарихи келбетін тапқан. Қазақ, татар, орыс, қоқан, шалақазақ байлары мен көпестері салдырған әсем безендірілген үйлер алғашқы қалпына келтіріліп, қаланың бұрынғы көркін көз алдыңа келтіреді.
Сонымен бірге қаланың орталық көшесі – Қазақстан Конституциясының басында орналасқан татар көпесі Шамсудиновтың дүкен үйін қалпына келтіру де қолға алынып отыр. Бұл бір кезде компартия органдарына беріліп, обком болған, одан кейін ұзақ жылдар бойы облыстық аурухана болды. Айхай жекешелендіру жылдарында біреуге арзанға сатылып, ол керекті құрылыс материалдарын суырып алып, үйдің қаңқасын ғана қалдырып, тайып тұрған. Енді сол үйді де қаланың бір тарихи ескерткіші ретінде қалпына келтіру қолға алынбақшы. Бүгінгі Қызылжарда экономикалық дамумен қоса осындай тарихи-мәдени мұраларды қалпына келтіру де қолға алынуда.
ІІМ киберқылмыспен күресу үшін IT-мамандарды тартуды жоспарлауда
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды
Қоғам • Бүгін, 18:53
Қазақстанның әлемдік экономикалық рейтингтегі орны қандай?
Экономика • Бүгін, 18:04
Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады
Қоғам • Бүгін, 17:48
Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды
Спорт • Бүгін, 17:04
Алматыда екі тәулікте 58 кәсіпкерлік нысанның карантинге бағынбағаны анықталды
Қоғам • Бүгін, 16:36
Спорт • Бүгін, 16:15
Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 15:44
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 15:09
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Бүгін, 14:39
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 14:05
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Бүгін, 13:59
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Бүгін, 13:18
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Бүгін, 12:16
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:42
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:17
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Бүгін, 10:25
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар