Спорт • 05 Желтоқсан, 2020

“Атырау” футзал командасының үш ойыншысы ұлттық құрамаға шақырылды

646 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2022 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне қатысатын ойыншылар тізімін жариялаған еді. Бас бапкерден ұлттық құрамаға атыраулық үш ойыншы шақырту алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

“Атырау” футзал командасының үш ойыншысы ұлттық құрамаға шақырылды

Екі кезеңдегі ойын нәтижесінен кейін «Атырау» футзал командасы жалпы есепте екінші орында тұр. Бұл аталған команданың белді ойыншылары Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов пен Жақсылық Амандосовтың ұлттық құрамада ойнауына ықпал етті.

Футзалдан ұлттық құрама 9 желтоқсанда «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы жекпе-жек сарайында Венгрия құрамасына қарсы ойын өткізеді. Бұл ойында атыраулық Болат Сарбасов алаңға шығады. Ал Жомарт Тоқаев пен Жақсылық Амандосов алаңдағы ойыншыларды алмастыратын резервке алынды.