С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі (Луначарский көшесі, 9/2 үй) күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа қайта берілді. Қайта жаңартылған кітапханаға өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов арнайы келіп, атқарылған жұмысқа оң баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілді. 1969 жылдан бері жөнделмеген ғимарат алғаш рет заманауи стандартқа сәйкестендіріліп отыр.
– Мемлекет кітапханалар мен басқа да әлеуметтік нысандардың жағдайына үлкен көңіл бөліп келеді. Балалар оқу орталығының Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылуы – айтулы оқиға. Жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылғаны көзге бірден көрініп тұр. Пандемия аяқталған соң бұл жерде балалар алаңсыз білім алатын болады. Жұмысты тез әрі тиянақты атқарған мердігер компанияға ризашылық білдіремін, – деді Әбілқайыр Сқақов.
Айта кетерлігі, облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөліміне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, балалар әдебиетінің көрінекті өкілі, жерлесіміз Сүлеймен Баязитовтың есімі берілді.
– Әкем балаларды қатты жақсы көретін. Сондықтан болар оның шығармашылығында балалар әдебиеті үлкен орын алды. Бүгін осы орталықты аралап шығып, керемет әсер алдым. Осы жерде балалар алаңсыз білім алса деймін. Бұл тек кітап оқуға арналған орын емес, жеткіншектерді отансүйгіштікке, патриотизмге, әдебиет әлеміне тәрбиелейтін рухани орда боларына сенемін. Әкемнің еңбегін елеп-ескеріп, құрмет тұтқан жандарға мың алғыс, – дейді жазушының ұлы Мұхит.
Елу жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген нысанда жас жеткіншектердің білім алуына, уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Кітапханның қызмет көрсету жүйесі бірнеше аймаққа бөлінген. Мәселен, «Білімпаз» аймағында абонемент пен оқу залы бар. Бұл жерде оқырмандар үшін үйге кітап алуға немесе оқу залында отырып кітап, газет-журналдар оқуға мүмкіндік бар. «Балдырған» оқу аймағында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған танымдық ойындар аймағы шоғырланған. «Өркен» ұлттық шығармашылық аймағында балалардың оқуға деген қызығушылығын ұлттық салт-дәстүрлер арқылы дамытуға, шығармашылыққа баулуға басымдық берілмек. Аталған аймақта Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы мен кітапхана ұжымы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. «IT-Бала» медиа аймағы жас оқырмандарды компьютерлік сауаттылыққа баулу, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға арналған. «Зерде» интеллектуалдық аймағында түрлі тақырыптардағы семинарлар, конференциялар, презентациялар, тренингтер, ойын-сауық шаралары өтетін болады. Заманауи техникалар арқылы жас оқырмандарға әр түрлі жанрдағы бейнефильмдер көрсетіліп, жастардың таным көкжиегін кеңейтуге ден қойылмақ.
– Мен 6-сыныпта оқимын. Орталықтың жаңартылып қайта ашылғанын әлеуметтік желі арқылы біліп, қуанып отырмын. Кітапхананың іші жарқырап тұр. Кітап оқудан шаршаған сәтте бой сергітетін ойын алаңдарын да көріп қалдым. Өз басым карантиндік шектеулердің аяқталғанын асыға күтемін. Кітапхана мен достарымды сағындым,– дейді жас оқырман Айзат Әлфараби.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова балалар әдебиеті бөлімінде 86 мыңнан астам кітап қоры бар екенін атап өтті. Кітапхана қоры үнемі жаңа кітаптармен толықтырылып тұрады. Жыл сайын орта есеппен 5 мыңнан астам жас оқырман осында келіп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік алады. Іші жарық әрі жылы кітапхана толықтай заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Жаңартылған нысан балалар үшін қызмет көрсетуге сақадай сай.
ІІМ киберқылмыспен күресу үшін IT-мамандарды тартуды жоспарлауда
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды
Қоғам • Бүгін, 18:53
Қазақстанның әлемдік экономикалық рейтингтегі орны қандай?
Экономика • Бүгін, 18:04
Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады
Қоғам • Бүгін, 17:48
Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды
Спорт • Бүгін, 17:04
Алматыда екі тәулікте 58 кәсіпкерлік нысанның карантинге бағынбағаны анықталды
Қоғам • Бүгін, 16:36
Спорт • Бүгін, 16:15
Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 15:44
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 15:09
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Бүгін, 14:39
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 14:05
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Бүгін, 13:59
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Бүгін, 13:18
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Бүгін, 12:16
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:42
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:17
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Бүгін, 10:25
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар