Учаскелік полиция инспекторлары мен азаматтық және қызметтік қарудың айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері тексеріс жүргізеді. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасынің айтуынша, қару-жарақ сақтау ережелерін бұзу көбінесе рейд барысында анықталады. «Қаруды белгіленген үлгідегі сейфте сақтау керек: қабырғаларының қалыңдығы кемінде 3 мм. және еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілуі тиіс, Мұндай сейфте қару мен оның оқ-дәрілерінен басқа заттарды сақтауға болмайды. Ақша, құнды заттар мен құжаттарды басқа жерде сақтаған жөн. Облыс орталығының тұрғындары міндетті түрде сигнализация орнатулары тиіс», дейді азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Құрман Мусин.
Жыл басынан бері 544 адам азаматтық және қызметтік қаруды алу, сақтау немесе тасымалдау ережелерін бұзуға жол берген. Сонымен бірге азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністерінің қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар заңсыз сақталған 61 қаруды тәркілеген.