Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020

Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыс өтті

403 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында кіші футболдан мемлекеттік қызметкерлер арасында қысқы біріншілік басталды. Облысы əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен, әкімдік пен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен біріншілікте 16 команда өзара мықтыларды анықтады.

Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыс өтті

Тəуелсіздік күні мерекесіне орай өңірдің барлық департамент, басқарма қызметкерлері арасында өткен іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жасыл алаңға шыққан 100-ге жуық мемлекеттік қызметші өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталғанын айта кетелік. Төрт ашық алаңда қатар өткен кіші футбол додасында барлық команда жеңімпаз атануға барын салды. Тартысты өткен ойындар нәтижесінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының құрама командасы бірінші орынды жеңіп алса,  күміс жүлдені  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік  бағдарламалар басқармасы қызметкерлері иеленді.  Ал, қоғамдық денсаулық басқармасының командасы қола жүлдегер атанды. Жүлдегерлер мен үздіктерге арнайы дипломдар және медальдар табыс етілді. Жарыс жеңімпаздарын марапаттаған облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мұндай спорттық сайыстардың әр апта сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын жеткізді. «Әлемді шарпыған пандемия биылғы жылы бірқатар спорттық шараларды ұйымдастыруға кері әсірін тигізді. Соның салдарынан мемлекеттік қызметкерлер арасында бұқаралық спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар кейінге шегеріліп келгенін жақсы білесіздер. Міне, бүгін облысымыздың бас санитарының қаулысына сәйкес, осындай спорттық шараларды өткізуге рұқсат етіліп отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мұндай спорттық сайыстар алдағы апталарда да өз жалғасын табатын болады. Нақтырақ айтсақ, алдағы аптада мемлекеттік қызметкерлердің қыздар командалары арасында волейболдан облыс біріншілігін өткізуді жоспарлап отырмыз», деді Сәкен Амангелдіұлы.