Саясат • 07 Желтоқсан, 2020

Жаңа келісім – жарқын бастама

68 рет көрсетілді

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивімен өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл маңызды уағдаластық ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әрі екі ұйым арасындағы байланысты нығайтуға жол ашпақ.

Мұндағы мақсат – екі жақ­тың мүмкіндіктері мен ғылыми-зерттеу қызметтерін тиімді пайдалану, мәдени мұ­раны сақтау, елдің тарихына, мәдениетіне және тұрмыс жағдайына қатысты қолжазбалар мен сирек кі­тап­тардың құндылығын анық­тау. Сонымен қатар каталог­тендіру, қолжазба баспалары, литография, беттік бас­­­па, цифрлы көшірмелер мен қолжазбаларды қолдану және қайта қалпына келтіру жұмыстарына қатысу мақ­сатында мамандармен алмасу да көзделеді. Осыған сәй­кес келісімшарт аясында ұзақ және қысқа мерзімді тағы­лым­дамадан, оқу-өн­ді­рістік және ғылыми тәжі­рибеден өту және зерттеу­ші­лермен кәсіби тәжірибелер алмасу көзделген.

Шара барысында Қол­жаз­балар және сирек кітап­тар ұлт­­тық орта­лы­ғы­ның басшы­сы Мәлік Отар­баев пен қа­лалық архив­тің дирек­торы Мейрам Бек­тембаев идеяларды ілгерілетуге уәделесті. Ал­дағы уақытта ортақ мүдде үшін аянбай еңбек етуге әрі ар­хив сала­сының дамуына күш салуға сөз берді.

Айта кетейік, екі тарап ғы­лыми консультанттарды тарту арқылы ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр. Тараптар біріккен конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үс­телдер ұйымдастырып, бас­қа да ұқсас ғылыми шаралар және өзге де бастамаларды жүргізеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Медбикенің мұнысы не?

Аймақтар • Кеше

Доллар арзандап келеді

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар