Парламент • 07 Желтоқсан, 2020

Коллектор қызметі туралы заң жобасын қарайды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Коллектор қызметі туралы заң жобасын қарайды

Депутаттар қарауына бірінші оқылымда микроқаржылық және  коллекторлық қызметті реттеу  мәселелеріне қатысты заң жобасы ұсынылды. 

Сонымен қатар ратифика­ция­ланатын заң жобалары да қарас­тырылған. Олар: Қазақстан Үкі­меті мен Білім, ғылым және мәде­ниет мәсе­лелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында мә­дениеттерді жақындастыру халық­аралық орталығын құру туралы, сон­дай-ақ Қазақстан мен Грузия ара­сындағы халық­аралық автомобиль қатынасы туралы келісімдер бар.

Екінші оқылымда депутаттар техникалық реттеу және жол жүрісіне қарасты заң жобаларын талқыламақ.

Алдағы жалпы отырыста дене шынықтыру мен спорт­қа қатысты заңнамалық жаңалық­тарды талқылау жос­парлануда.

Күн тәртібінің жобасын­да мемле­кеттік басқару деңгей­лері арасында өкі­леттіктерді қай­та бөлу мен отбасылық және гендерлік саясат мәселелеріне қатысты заң жобаларымен жұмысты жалғастыру ұсы­нылды.

Сонымен қатар Мәжіліс Еуразия­лық экономикалық одаққа мүше мем­лекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.