- Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға Анықтама ұсынылмайды.
- Дене температурасы қалыпты шектегі, анықтама берген, келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады.
- Дене температурасы жоғары келген адамдар, Анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.
- Келген адамдарға сауалнама осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
- Қазақстан Республикасының келген азаматтары Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 65 қаулысына сәйкес шетелден әуе рейстерімен ұшып келетіндерге бірқатар шектеу шарасы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем чемпионаты: Әскери спортшылар 3 алтын, 4 қола олжалады
Спорт • Бүгін, 17:18
ТЖМ құтқарушылары 5 автокөлікті өрттен қорғап қалды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Серік Сәпиев басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 16:25
Оқушы қыз бен анасын өлтірген экс-мұғалімнің ісін алқабилер қарайды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Атырау тұрғыны сиырдың өлексесінен Сібір жарасын жұқтырды
Денсаулық • Бүгін, 15:15
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Қылмыс • Бүгін, 14:42