Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Алматыда қылмыс деңгейі 50%-ға төмендеген

96 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты.

Алматыда қылмыс деңгейі 50%-ға төмендеген

Бүгінде Алматыдағы қылмыс деңгейі төмендеген. Атап айтқанда, қылмыстар саны 47,5%-ды азайған, ал қылмыстарды ашу 11,6%-ға (29,2% -дан 40,8%-ға дейін) өскен.

Әкімнің сөзінше, мұндай нәтижеге қол жеткізуге келесі кешенді шаралар ықпал еткен:

Полицияның материалды-техникалық жабдықталуы 87%-ға жеткізілді, бұл – мемлекет бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Жақын арада полицияға 429 планшет табысталады, келесі жылы 33 жаңа көлік алу жоспарланған.

Бейнемониторинг жүйесі енгізілуде. А.ж. басынан бастап 404 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, оның 21-і Алматыға кіру және шығу жолдарында орнатылған.

А.ж. 10 айы ішінде «Сергек» АБК 650 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілерін тіркеді. 4,5 млрд-тан астам теңгеге айыппұл салынып, 2,6 млрд немесе 57,7% өндірілді.

Модульдік полиция пунктілерін орнату жобасы өзін ақтады. Бұған дәлел – пунктілер орналасқан аудандардағы қылмыс деңгейінің төмендеуі. Сонымен қатар, бұл туралы жергілікті тұрғындар да айтуда. Өткен жылы қылмыс деңгейі жоғары аймақтарда 37 модульдік полиция пункті орналастырылып, жыл басынан бері шамамен 40 мың арыз келіп түсті.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күнделікті 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМҰлттық гвардиясының әскери қызметкерлері жұмылдырылады. Олар 550 бағыт бойынша жұмыс жасайды, оның ішінде 300 көлік және 250 жаяу бағыт.

Ашықтылықты қамтамасыз ету үшін қаланың барлық аудандарында 11 полиция фронт-кеңсесі жұмыс жасайды. Бұл жерде халыққа «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетіледі.