Елорда • 07 Желтоқсан, 2020

Елордада учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда қаласының әкімі өзінің инстаграм желісінде учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада учаскелік инспекторлар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді

Олардың күнделікті еңбегінің арқасында елордада құқықбұзушылықтар саны азайды. Қала аудандары бойынша 30-дан астам учаскелік полиция пункттері орналасқан. Олардың кейбіреуі жөндеуді қажет етсе, кейбіреуі жаңадан салынды.

Бүгін полиция департаментінің бастығы Ержан Саденовпен бірге ескі, жаңа ғимаратты қажет ететін учаскелік полиция бекеттерін қарап шықтық. Оларды жөндеп, не басқа үй-жайларды ұсыну қажет.

Мәселен, ескі вокзал ауданында Гете көшесінде орналасқан учаскелік пункт тұрғындар көп жүгінетін пункттердің бірі, өйткені онда поезд, қалааралық автобустарға байланысты адамдардың үлкен ағыны байқалады. Сондай-ақ Дүкенұлы, Әуезов мекен-жайларында орналасқан учаскелік пункттерге бардық.

Үй-жайлары ескірген тірек пункттері қызметкерлерінің орналасу орындарын анықтауды тапсырдым.

Биыл полицияның учаскелік пункттерінің бір бөлігі жөнделді, өткен жылдың жазында 400-ден астам қызметкер еңбек етіп жатқан Есіл ауданының полиция басқармасына жаңа ғимарат берілді. Сонымен қатар, автопаркті жаңартып жатырмыз, тек осы жылдың күзінде ғана полицейлерге қосымша 65 автокөлік берілді. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандардан басқа полицияның тірек пункттерін ашамыз.

Мемлекет басшысы жергілікті полиция қызметін реформалау аясында учаскелік инспекторға басты рөл жүктелетінін, қызмет "полиция қадамдық қолжетімділік" қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиістігін атап өтті.

Бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция департаменті қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастырамыз.