Экология • 07 Желтоқсан, 2020

Қазақстанның су айдындарында 85,2 млн шабақ құтқарылды

943 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың басынан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 85,2 млн шабақты балықтың қырылу қаупі бар және су қоймаларынан, сондай-ақ еліміздің күріш чектерінен құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның су айдындарында 85,2 млн шабақ құтқарылды

Бұл жұмысқа балық шаруашылығы субъектілері, еріктілер, сондай-ақ күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері қатысты. Нәтижесінде, Атырау облысында 56,7 млн балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда облысында – 8,3 млн, басқа өңірлерде – 9,9 млн шабақ балық құтқарылды.

Құтқарылған балықтардың түрлік құрамы-сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ.

Балық ресурстарын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 бірлік техника жұмылдырылды.

Ихтиологтардың мәліметтері бойынша Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.