Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

25 жылқыны қолды қылған адам ұсталды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО Айыртау ауданы Қаратал ауылының тұрғыны қараша айының соңында тебінде жүрген 25 жылқысынан көз жазып қалады.

25 жылқыны қолды қылған адам ұсталды

Екі күн бойы өзі іздеп таба алмаған соң полицияға қайрылуға мәжбүр болады. Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция Сулыкөл ауылының 45 жастағы тұрғынынан күдіктенеді. Қаға келгенде күдік шындыққа айналады. Бақташы болып істейтін бұл адам иесіз жүрген бір табын жылқыны айдап алады. Өзінің айтуына қарағанда жеті жылқыны сойып, етке өткізеді де 18 жылқыны өзі қарыз болған адамдарына таратып береді.

Әрине, мұндай үлкен қылмысты бір адамның істеуі мүмкін емес, бірақ полиция әзірге оның сөзіне сеніп отыр... Бір жылқыны бір адамның союы да оңай емес екені белгілі. Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешев қылмыскердің үстінен іс қозғалғанын, үйін тексеру барысында бір миллионнан теңгеден артық ақша табылғанын және айтқан.

Солтүстік Қазақстан облысы