Онлайн-семинарға 160-тан астам адам қатысты, оның ішінде Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Ануар Хатиев, Комитеттің Жиынтық талдау және жоспарлау басқармасының басшысы Асылбек Баяжұма, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен дін саласындағы мекемелердің талдау бөлімдерінің мамандары болды.
Семинар-тренингтің мақсаты - мониторинг және талдау жүргізу мәселелері бойынша мамандардың кәсіби білімдері мен біліктілігін арттыру.
Семинар барысында өңірлік деңгейдегі діни ахуалға мониторинг жүргізудің қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелері, жүргізу техникасы мен ерекшеліктері, мониторинг пен талдау жұмыстарын жетілдіру жолдары қарастырылып, талқыланды.