Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу мақсаты: әуе кемесінің авариялық қонуы кезінде құтқару қызметтерін даярлау, шартты өртті сөндіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және эвакуациялау, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың тактикалық ойына сәйкес шартты өрт Алматы-Шымкент бағыты бойынша «SKAT» авиакомпаниясының АН-24 ұшағының «Шымкент әуежайы» АҚ әуежайына авариялық қонуы нәтижесінде орын алды. Бортта 40 жолаушы және 4 экипаж мүшесі бар. Ұшу басшысы жүйе бойынша «Дабыл» сигналын құлақтандыру және әуежай қызметтерінің авариялық-құтқару командасын әзірлікке келтіру туралы шешім қабылдайды.
Әуежайдың диспетчерлік қызметі болған жағдай туралы әуежай басшыларына және «101» пультіне хабарлайды. №2 шақырудың жоғары дәрежесі бойынша оқу-жаттығу орнына күштер мен құралдар жіберілді. Шақыру орнына келген Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру жасақтары әуе кемесінің өртін жоюға және экипаж бен жолаушыларды құтқаруға кіріседі. Шартты түрде төгілген отынды сөндіру және ұшақтың фюзеляжын салқындату үшін көбік оқпандарын беру жүзеге асырылды.
Бөлімшелер алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындады, соның нәтижесінде шартты өрт дер кезінде жойылды. Оқу-жаттығу барысында әуежай қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді хабардар ету, авариялық жағдай орнына келу және ілесіп жүру мәселелері пысықталды.
Оқу-жаттығуға 10 техника, Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-ның, жедел-құтқару жасағының офицерлік және жеке құрамы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.