Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубының тәрбиеленушілері төрт алтын, күміс және тоғыз қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, жарысқа 17 команда қатысты. Тағы да өз шеберлігін тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілген Ғани Әділсерік растады. Әйелдер арасында екі "алтынды" Руза Дуктурбаева жеңіп алды. Өз салмақ дәрежесінде Арайлым Ханзада алғашқылар қатарында болды.
Грэпплингтен чемпионатқа облыстың бас бапкері Арман Маделханов дайындалды.