Қоғам • 08 Желтоқсан, 2020

Еріктілерді даярлайтын арнайы оқыту курстарын ашу қажет - Президент

915 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді жан-жақты даярлайтын арнайы оқыту курстарын ашу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еріктілерді даярлайтын арнайы оқыту курстарын ашу қажет - Президент

"Былтыр Арыстағы жарылыс кезінде, биыл Мақтааралды су алғанда жұрт болып жұмылдық. Қиын шақта өзгеге қол ұшын бергісі келген азаматтарымыз аз болған жоқ. Біз сондай жандардың көмегіне, олардың шынайы ниетіне куә болдық. Қауіпті сәтте азаматтық танытқан отандастарымызға алғыс айтамын. Сондықтан осындай күрделі техногенді апаттардан кейін құтқару жұмыстарына қатысатын еріктілерді жан-жақты даярлау – өте маңызды міндет", деді Президент.

Осы орайда ол еріктілерді даярлайтын арнайы оқыту курстарын ашу қажеттігін айтты.

"Онда еріктілер қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алуға тиіс", деді Мемлекет басшысы.