"Соңғы екі аптада коронавирустық инфекция дерегінің 80%-ы Теңіз кен орнының қызметкерлерінен анықталды. Науқастармен байланыста болған жұмысшылар оқшауландырылып, медициналық көмек көрсетілуде. Өткен бір тәулікте Теңіз кен орнындағы екі компанияның 42 жұмысшысы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың 99%-ы профилактикалық мақсатта жүргізілген скринингтік тексерудің нәтижесінде белгілі болып отыр. Қазір екі компания карантинге жабылды", деді Амантай Жұмағалиев.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова мәлім етуінше, аталған кен орнына тағы да 15 медицина қызметкерін жіберуге шешім қабылданыпты.
"Теңізшевройлдан" инфекциялық стационардың төртінші блогының ашылатыны туралы хат келді. Қазір Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационардың үш блогы жұмыс істеп тұр. Өткен аптада бұл стационарға 8 медицина маманы жіберілді. Енді тағы 15 медицина қызметкерін жіберу жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 дәрігер, 7 мейірбике, 7 кіші буын қызметкері бар. Бүгінгі күні кен орнындағы инфекциялық стационарда 23 медицина маманы қызмет көрсетеді", дейді Нина Оспанова.