Елбасы • 08 Желтоқсан, 2020

Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуға Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік сыйлығы берілді

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуға Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік сыйлығы берілді

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің –Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы: 

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;

білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді  нығайтуға қосқан  ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                                                       Қ. Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020  жылғы  7 желтоқсан     

                  №  464