Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 86 жер иесі 6427,66 гектар жерін игеруді бастады. Ал 14 азаматқа тиесілі 251,42 гектар жер мемлекетке қайтарылған.
Қазіргі таңда қалған тұлғалардың игерілмей жатқан жерлері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің мәліметінше, ауданда биылдың 11 айында жер телімдерін жалға беруден түсетін түсім 11 млн 741 мың теңге болып жоспарланса, қазір бұл көрсеткіш 10 млн 574,8 мың теңгеге (90,1%) орындалған.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 4 рет конкурс өткізілген. Нәтижесінде, 62 жеке және заңды тұлғаларға 5544,3 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі жалға беріліп, қайта айналымға енгізілді.