Елбасы • 09 Желтоқсан, 2020

Елбасының еңбегін ерекше бағалады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасының еңбегін ерекше бағалады

Сурет Елбасының баспасөз қызметінен алынды

Кездесуде жаһандық пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайындағы елдің экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

– Қазір күллі әлем жұрт­шы­лығы қиын жағдайды бастан өткеруде. Экономика 3-4 пай­ыз­ға төмендейді деп болжануда. Бүгін өзіңізбен әлемде қалып­тасқан ахуалға байланысты пі­кір алысқым келіп отыр, – де­ді Қа­зақстанның Тұңғыш Прези­денті.

Сума Чакрабарти әлемдік экономиканың қалпына келуіне және алдағы перспективаларына қатысты болжамдар туралы өз ойымен бөлісті. Сонымен бірге Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары тәуелсіз Қазақстанды құру және дамыту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады.

– Еуропа қайта құру және даму банкін басқарған кездегі біз­дің бірлескен жұмысымызды жылы сезіммен еске аламын. Біз Сіздің елмен тығыз қарым-қаты­наста болдық. Қазақстан берік ын­ты­мақтастық орнатқан алғашқы бес мемлекеттің қатарына кірді. Бұл Сіздің белсене атсалысуыңыздың арқасында мүмкін болды. Сон­дай-ақ мен Сіздің тәуелсіз Қазақ­станды құру жолындағы қажыр-қайратыңызға тамсана қараймын, – деді С.Чакрабарти.