Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2020

Тәртіп бұзған бақылаудағылар темір торға қамалды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алуда жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп бұзған бақылаудағылар темір торға қамалды

Аудандық сотта пробациялық бақылаудағы екі азаматқа қатысты сот отырысы өтті. Олар  сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін бұзған. Пробация инспекторлары олардың бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдапты.  Сот қаулысымен екі азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды. Сот қаулысы 15 күннен кейін күшіне  енген соң,  қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жазасын өтеуге жіберіледі. Сот отырысына  профилактикалық мақсатта есептегі сотталғандар да қатыстырылды.

«Жыл басынан аудандық пробация инспекторларының ескертулерінен қорытынды шығармаған, сот жүктеген міндеттерді орындамаған  пробациялық бақылаудағы 16 азаматтың  бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі,  бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді», - деді аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Қайрат Байгенжеев.