Мәселен, осы жылдың 7 желтоқсан күні полицияға Қызылорда қаласында тұратын 38 жастағы азаматшадан арыз түсті. Арызданушының айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын "жұмысқа тұрғызып, пәтер алып беремін" деген танысының сөздеріне сенген ол 5 миллион 400 мың теңге берген. Арада айлар, жылдар өткен. Бірақ уәде етілген я жұмыс, я пәтер жоқ. Алаяқтың арбауына түскенін түсінген азаматша полицияға жүгінеді.
Тұрғынның ақшасын алып, алдап кеткен алаяқты іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде оңай олжаға кенелгісі келген 24 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Бүгінгі таңда оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 – бабының 3 – бөлігімен (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.