Оқиға былай өрбіген. Әуесқой балықшы Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылының жанындағы Нұра өзенінен балық ауламақшы болған. Күн аязды болғанымен, әуесқойлық сезім жеңген. Көлігі өзеннің қабағында қасат қарға батып қалыпты. Әрі-бері әрекеттенгенімен, қар құрсауынан шыға алмаған ол тек бір тәуліктен кейін ғана полиция бөлімшесімен хабарласқан. Іле полиция капитандары Әділбек Боранбаев пен Бейсенбай Хамитжанов оқиға орнына жеткен. Тез арада балықшыны тауып алып, қар құрсауынан босатқан.
Тас жолға дейін жеткізіпті. Балықшы әбден жаурағанымен, дін аман. Бір тәулік қар құрсауға кептелген ол дер кезінде жеткен полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырды.